Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Біліктілікті арттырудағы тиімді тәжірибе

Біліктілікті арттырудағы тиімді тәжірибе

Жұбанов университетінің оқытушылары мен студенттері, жас зерттеушілері Жастар саябағына жиналып, таза ауада өткен воркшоп аясында біліктіліктерін жетілдірді.

Жиналғандар Ғылым айына орай ұйымдастырылған “IMRAD: Ғылыми  зерттеу құрылымы” тақырыбындағы вебинарда қалай ғылыми жоба құрылымын құру керек, зерттеу жұмыстарын жүргізуді неден бастау керек деген сұрақтар төңірегінде ой-пікірлерін ортаға салып, өзара кеңінен талқылады. Сондай-ақ, вебинар барысында теориямен практиканы ұштастыру үшін оларға тапсырмалар берілді.

Шараны «Педагогика, психология және бастауыш оқыту» кафедрасының оқытушысы Райбек Сағадатов және Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Майра Алдиярова өткізді. Спикерлер қатысушыларды қажетті ақпараттармен таныстырып, олардың сұрақтарына жауап берді.

Вебинарға қатысушыларға арнайы сертификаттар мен Білім беру-зерттеу әдістеріне кіріспе және Қазақстан білім зерттеушілерінің әдеп кодексі жазылған екі электронды кітап сыйлыққа берілді.