Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Шетелдік ғалым, профессор Саймон Редферн кезекті дәрісін оқыды

Шетелдік ғалым, профессор Саймон Редферн кезекті дәрісін оқыды

Наньянг Технологиялық университетінің (Сингапур) Ғылым колледжінің деканы, физик-материалтанушы Саймон Редферн Жұбанов университетінің оқытушылары мен білім алушыларына кезекті дәрісін оқыды.

Бұл жолы профессор «Ғылыми коммуникация: ғылыми идеяларды қоғамда ілгерілету процестері» тақырыбында баяндама жасады. Саймон Редферн академиялық мақаланың жазылу стилі, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен ғалымдардың мақала тақырыбы бойынша зерттеу жүргізу әдістері жайында айтты. Ғылыми мақалаларды басылым беттерінде жариялау, ғалымдармен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы байланыс туралы атап өтіп, кейбір ғылыми зерттеулермен, оны түсінікті тілде жазу жолдарына мысалдар келтірді.

Айта кетейік, Саймон Редферн бүгінде Жұбанов университетінің жетекші ғылыми қызметкері болып табылады. Ол бірқатар ауқымды зерттеу жобаларының жетекшісі, 260-тан астам рецензияланған жарияланымдардың авторы (Google h-index 62).