Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Жастар жолдауды қолдайды

Жастар жолдауды қолдайды

Дүйсенбі күні Мемлекет басшысының  «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын талқылауға арналған кездесу өтті.

Кездесуге Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Үмбетқан Сәрсембин, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Нұрғиса Көшеров, AMANAT партиясы жастар қанатының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Әнуар Есқарин қатысып, колледж  ұжымымен онда білім алып жатқан оқушыларға Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіріп берді.

Жолдаудағы негізгі міндеттерге тоқталған Үмбетқан Сәрсембин жаңа реформалардың еліміздегі жаңа саяси мәдениеттің қалыптасуына кешенді әсер ететініне сенімді екенін жеткізді.

Ал өз кезегінде сөз алған Әнуар Есқарин Президент тапсырмасын орындау ортақ міндет екендігін айтты.

— Жаңғырудың нақты іс жүзінде іске асуы Конституцияға 30-дан астам өзгеріс енгізуден басталғалы отыр. Мұның өзі үлкен сенім қалыптастырады. Халыққа көпірме сөз, бос уәде емес, көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын оң өзгерістер керек.

Мемлекет басшысының бұл Жолдауында елдің көкейінде жүрген көптеген мәселелер қамтылды. Жаңа Қазақстан құрудағы алдымызға қойылған әрбір нақты міндет ең әуелі халыққа дұрыс насихатталып, іс жүзінде жүзеге асатындығына сенімдімін. Ол үшін өзгерістерді еліміздің әрбір азаматы өзінен бастап, бүкіл қоғам жаңаруы қажет. Бұл іске білек түрініп кірісіп, аянбай тер төгу — келешек ұрпақ алдындағы біздің ортақ парызымыз, — деді ол.

Кездесу барысында колледж жастары да Жолдауға қатысты өз пікірлерін білдіріп,

маңызды құжатта нақтыланған бағыт-бағдарды насихаттауға бір кісідей атсалысатындарын жеткізді.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

 

/aqtobegazeti.kz/