Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > 40 жаңа мамандық «Болашақ» бағдарламасына енді

40 жаңа мамандық «Болашақ» бағдарламасына енді

Биылғы еңбек нарығының трендтерін талдаудың нәтижесінде «Болашақ» бағдарламасының басым мамандықтар тізіміне инновациялар, жаңа технологиялар, медицина және индустриялық инженерия, жаратылыстану ғылымдары саласындағы 40 жаңа мамандық қосылды.

Осы ретте 17 мамандықтың атаулары кеңей­тіліп, бұрыннан бар мамандықтар қа­тары­на қосылса, ал 23-і жаңа мамандықтар ретін­де енгізіліп отыр. Жалпы алғанда, басым маман­­дықтардың тізімі техникалық бағыттағы маман­дықтармен 30%-ға кеңейтілді.

Халықаралық бағдарламалар орталығы басым мамандықтарды анықтау үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларға қажеттілігі туралы мемлекеттік органдар мен ұйымдардан келіп түскен 70-ке жуық өтінімге талдау жасады. Кадрлық нарықтың ортамерзімді болжамы ескерілді. Мемлекеттік органдар, ЖОО, ғылыми орталықтар, индустрия және бизнес өкілдерінің қатысуымен сараптамалық кездесулер өткізілді.

«Биыл шетелдік жоғары оқу орын­дарында білім алуға арналған басым мамандықтар тізіміне жалпы ака­демия­лық оқуға арналған 92 мамандық және тағылымдамадан өтуге арнал­ған 158 мамандық кірді. Тізімді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайтынан қарауға болады», дейді «Халық­аралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.

 

/egemen.kz/