Вторник, Апрель 16, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет ғалымдары конференцияда ой бөлісті

Университет ғалымдары конференцияда ой бөлісті

Алматы қаласында «Қазақстан  Республикасында білім беру үдерісіне қатысушыларға тиімді психологиялық-педагогикалық көмек көрсетудегі инновациялық технологиялар» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде.

Ғылыми жиынға Жұбанов университетінің оқытушыларынан бөлек жоғары оқу орындарының ректорлары, ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамы, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, білім басқармасының басшылары, оқу-әдістемелік орталықтардың әдіскерлері, білім беру ұйымдарының педагог-психологтері, ювеналды полиция инспекторлары қатысуда.

Мұнда Жұбанов университетінің педагогика факультетінің оқытушылары, педагогика ғылымдарының кандидаты,  доцент Меймрамгүл Есенғұлова мен философия докторы, аға оқытушы Динара Рамазанова  өзекті проблемалар төңірегіндегі өз пікірін ортаға салды. Өз кезегінде университет ғалымдары тұшымды  баяндамалар жасап, өзара тәжірибе алмасты.

Конференцияда  білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерінің жұмысына бірыңғай талаптарды әзірлеу қажеттілігі, педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру,  өмірдің қиын жағдайындағы балалармен жұмыс істеу үшін бірыңғай құралдарды енгізу, цифрландыру арқылы білім беру процесінің барлық қатысушыларын психологиялық-педагогикалық қолдау сапасын арттыру мәселелері қамтылды.

Конференция аясында   көрме ұйымдастырылып, пленарлық мәжіліс пен диалог алаңында білім берудегі психологиялық-педагогикалық технологиялар саласындағы инновациялық идеялар,  заманауи технологиялар мен жетістіктер талқыланды. Конференцияның екінші күні секциялық отырыстармен жалғасты.

Айта кетейік, аталмыш жиын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Алматы қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілді.