Вторник, Май 30, 2023
Басты > Білім > «Өз ойының» интеллектуалды ойыны өтті

«Өз ойының» интеллектуалды ойыны өтті

Жұбанов университетінің білімді жастары арасында зияткерлік ойын өтті. Факультеттер және Жоғары колледж білім алушыларынан құралған командалар өзара білім сайысында жарысты.

Командаларға танымдық, патриоттық, тарихи және ғылыми тұрғыда түрлі сұрақтар қойылып, тапсырмалар берілді.

Командалар сондай-ақ,  бейнеролик арқылы университеттің Басқарма төрағасы-ректор Лаура Қарабасовадан  бастап, басқарма мүшелері  ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров, , стратегиялық даму және цифрландыру жөніндегі проректор Алтыншаш Бекбауова, әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Есбол Мұханбетқалиев, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Людмила Мясниковалар жолдаған сұрақтарға жауап берді.

Нәтижесінде тарих факультеті командасы бірінші орын, педагогика факультеті екінші орын, Жоғары колледж үшінші орын иеленді. Жеңімпаздарға арнайы дипломдармен бағалы сыйлықтар табысталды.