Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Жаңалықтар > Шағын футболдан турнир

Шағын футболдан турнир

Бүгін Жұбанов университетінде  Кикбокстан және бокстан жоғары санатты жаттықтырушы, танымал спортшы, ардақты ұстаз  Самат Казиевті еске алу құрметіне арналған шағын футболдан турнир басталды.

Айта кетейік, Самат Казиев  университеттің «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасында 35 жыл қызмет атқарған. Саналы ғұмырында ол бірқатар спорт шеберлерін тәрбиелеп шығарды.

Аталған турнирде ұстаздың шәкірттерінен құралған екі команда және факультет студенттерінен құралған сегіз команда ойын көрсетуде.

Турнир екі күнге созылады.