Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Хабарландырулар > Құрметті әдебиет сүйер қауым!

Құрметті әдебиет сүйер қауым!

Қазақстанда  республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген ықыласын көтеру, сонымен қатар жасөспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау. Сонымен, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының қорытындысы бойынша Алашорда мемлекетінің 100 жылдығына орай «Жыл кітабы – 2017» таңдауы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқу ұсынылды.

Баршаңызды Сұлтанмахмұт шығармаларын оқуға шақырамыз! 

Филология факультетінің кітапханасы