Среда, Апрель 17, 2024
Басты > Жаңалықтар > Білім деңгейін көтерудің жаңа технологиясын үйретті

Білім деңгейін көтерудің жаңа технологиясын үйретті

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Педагогтер алдында оқытумен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұр.

Бүгін Жұбанов университетінде профессор-оқытушылар инклюзивті білім беру курсында Блум таксономиясын тиімді пайдалану жолдарын талқылады. Семинарды Қосымша білім беру департаменті және педагогика факультетінің психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасының оқытушылары Айгүлден Тоғайбаева мен Динара Рамазанова өткізді.

Семинар барысында оқытушылар Блум таксономиясы әдістерін сабақ жоспарлауда қолдану туралы талқылап, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру білім алушының дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн.
Шара соңында қатысушылар семинардың олар үшін тиімді болғандығын, өздерін толғандырып жүрген мәселелерге жауап алуға мүмкіндік жасалғандығын атап өтті.