Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Өзекті мәселелер қозғалды

Өзекті мәселелер қозғалды

Бүгін Жұбанов университетінде білім алушылар жастар арасындағы құқықбұзушылық пен  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және дін мен тәрбие мәселесіне орай арнайы мамандармен кездесіп, олардың дәрістерін тыңдады.

Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы Мақсат Абекенов, Аңсар ақпараттық талдау орталығының маманы, теолог Нұрлан Асанов, Астана ауданының №1қалалық полиция бөлімі полиция капитандары Қуандық Абу мен Амина Мукушева қатысты.

Қазірде әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде. Мақсат Абекенов сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір азаматтың парызы екендігін атап өтіп, жастар арасында аталған індетке қарсы мәдениетті қалыптастырудың ерекшеліктері туралы айтты.

Кездесу барысында сондай-ақ, студенттерге жастар арасындағы құқықбұзушылық салдары мен дінге қатысты бірқатар мәселелер түсіндірілді.

Жиналғандар спикерлерге көңілдерінде жүрген сұрақтарын қойып, оларға тұщымды жауаптар алды.

Аталмыш шараны университеттің кәсіби-шығармашылық факультеті ұйымдастырды.