Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Бүгін – Қадір түні

Бүгін – Қадір түні

Рамазан айы да бітуге таяу. Күллі мұсылман халқы асыға күтетін қасиетті Қадір түні де келіп қалды. Биыл ол 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түнге сәйкес келіп тұр, деп жазады Egemen.kz.

Қадыр түні деген не?

Қадыр түні — қазақша атауы, араб тілінде Ляйлятуль-Кадр немесе Аль-Кадр деп айтылады. Қадыр түнінде Мұхаммед пайғамбарға Жәбірейіл періште келіп, Құранды берген деп саналады. Бұл Рамазан айының аяғы, яғни он түнінің бірі болған.

Қадыр түнін қалай қарсы алу керек?

Қадыр түні басталғанға дейін толық дәрет алған жөн, сонымен қатар, теріс ойлардан жаны мен жүрегін аулақ ұстаған жөн. Осы түнде жасаған күнәларыңыз үшін кешірім сұрап, өкініп, көп дұға етуіңіз керек, өйткені дәл осы түнде адам өмірінде бір жыл ішінде болатын барлық нәрсе жазылады деп саналады.

Қадыр түнінде не істеуге болмайды?

— Спирттік ішімдіктер ішуге болмайды.

— Ғайбат айтуға, бос әңгімеге үйір болуға болмайды.

— Түнде ұйықтамаған абзал.

— Ұрысуға, біреу туралы жаман нәрсе айтуға болмайды.

— Фильмдер мен ойын-сауық бағдарламаларын көруге болмайды.

Қадыр түнін қайда өткізу керек?

Бұл түнді ойын-сауық орындарында өткізуге болмайды. Қадыр түнін үйде немесе мешітте өткізеді. Түнді жалғыз да, жамағатпен де қарсы алуға болады.

Бұл түні намаз оқылады, Құран оқылады, өткен күндердің, айлардың қателіктері талданады, өткен реніштер кешіріледі, болашаққа жоспарлар жасалады.