Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Бірлік күніне арналды

Бірлік күніне арналды

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі. Бұл күн — әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

Татулық пен бейбітшілікті басты орынға қоя білген Қазақстан үшін бұл күннің орны ерекше. Бүгін Жұбанов университетінде тілі басқа тілегі бір жандар бас қосып, айтулы датаны ерекше атап өтті.

Жиында университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Есбол Муханбеткалиев, «Қоғамдық келісім» мекемесінің сарапшы-маманы Түлкібай Сапаров өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, жиналғандарды мерекемен құттықтады.

Мерекелік іс-шарада Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік–саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы Дмитрий Мацюк  халықтар бірлігі күнінің маңызы мен жалпы ұлттық бірлік пен қоғамдық келісім саясатының тарихи мәні туралы баяндады.

Сонымен қатар университетімізде білім алатын әр түрлі ұлт өкілдері қазақ халқының басқа ұлттарға деген достығы мен қонақжайлығын ерекше атап өтіп, бейбіт елде білім алып жатқандықтарына ризашылығын білдірді.

Мәдени-танымдық шараны ұйымдастыруға университеттің филология факультеті атсалысты.