Вторник, Май 30, 2023
Басты > Жаңалықтар > Бітіруші түлектерге бос жұмыс орындары ұсынылды

Бітіруші түлектерге бос жұмыс орындары ұсынылды

Аз уақыттан кейін университеттен түлектердің тағы бір легі түлеп ұшып, үлкен өмірге жолдама алғалы тұр. Олардың алдында енді жаңа мақсат — кәсіби мамандығы бойынша жұмысқа орналасу.

Бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу мәселелерін жеңілдету мақсатында Жұбанов университетінде жыл сайын бос орындар жәрмеңкесін өткізу дәстүрге айналған. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тапты.

Бүгін педагогикалық бағыт бойынша бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге аудандардың, қалалық және облыстық білім бөлімінің басшылары мен мамандары және Ақтөбе гуманитарлық колледж директоры қатысты.

Университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаров шараға келген жұмыс берушілер мен студенттерді құттықтап, бітіруші түлектерге сәттілік тіледі.

Биылғы жылы оқу орнын педагогикалық бағыт бойынша 900-ге жуық түлек бітіреді. Оның ішінде 456 студент мемлекеттік грант негізінде оқуын тәмамдайды.

Білім бөлімінің өкілдері өздерінің ұжым құрамын жас мамандармен толықтыра отырып, оларға жұмыс жасауда ыңғайлы орта мен табыс табу мүмкіндігін ұсынуға дайын екендіктерін айтты. Іс-шараның нәтижесінде жәрмеңкеге қатысушы бітірушілер теорияда алған білімін тәжірибе барысында іске асыратын жұмыс орындарын тауып, жұмыс берушілердің байланыс телефондарын алып, өз түйіндемелерін табыстады.