Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Бірлік болмай, тірлік болмас…

Бірлік болмай, тірлік болмас…

Дмитрий МАЦЮК,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің аға оқытушысы,

философия ғылымдарының кандидаты:

— Кешегі жиында Президенттің Ассамблеяның азаматтық бірлікті нығайтуға елеулі еңбек сіңіргені туралы айтқаны, Ассамблеяның жаңа жағдайда бейбітшілік пен келісім жөніндегі саясаттың берік әрі институционалды тірегі қызметін атқаратынына сенім білдіргені көңілімнен шықты. Өйткені бейбітшілік пен тұтастық — біздің басты құндылығымыз.

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Елімізде тұратын барлық этнос өкілдерінің жалпыазаматтық құндылықтарды құрметтеуі және өздерін Қазақстанмен байланыстыруы аса маңызды. Бұл — Тәуелсіздік жылдарындағы біздің үлкен жетістігіміз. Оны жан-жақты нығайтуға міндеттіміз», —  деді. Осындайда «бірлік болмай, тірлік болмайтынын» ұмытпағанымыз жөн.

Мемлекет басшысының этномедиация оқу орталығын құру керектігі жөніндегі ұсынысы дер кезінде көтерілді деп ойлаймын. Бұл орталықта тұрақты оқу курстары ұйымдастырылса орынды болар еді. Ертең тойланатын Қазақстан халқының бірлігі күні ең алдымен достықтың, мейірімнің мерекесі. Қазіргідей күрделі кезеңде бейбітшіліктен артық ештеңе жоқ. Сондықтан 1996 жылдан бері тойланатын бұл мерекені менің отбасым да асыға күтеді. Біздің интернационал отбасы үшін аталған мерекенің маңызы бөлек.

Өзара түсіністік, келісім және достықтың мерекесінің орны зор. Әрқашан бірлігіміз бекем, достығымыз мықты болсын!