Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ғалымға лайық марапат

Ғалымға лайық марапат

Жұбанов университетінің ғалымы Бибігүл Абенова “Қазақстанның білім және ғылым жүйесінің дамуына қосқан айрықша үлесі және жоғары білікті мамандарды дайындаудағы ерен еңбегі үшін” А.Байтұрсынов атындағы орденмен марапатталды. Аталмыш орден профессордың заман талабына сай білім берудің жаңа жүйесін қалыптастырудағы ерен еңбегіне берілген жоғары баға.

Сонымен қатар, Бибігүл Сейілқызының Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) тарапынан жоғары білім берудің сапасын қамтамасыз ету және бәсекеге қабілеттілікті арттыру саласындағы атқарған үздіксіз қызметі де құрметке ие болып, IAAR бас директорының алғыс хатымен марапатталды, “IAAR Үздік эксперті” сертификатына ие болды.

Бибігүл Сейілқызын лайықты марапатымен құттықтаймыз!