Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ашық жүйеге өтеміз

Ашық жүйеге өтеміз

Асхат КЕҢЕСОВ, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы, саяси ғылымдар кандидаты:

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған конституциялық реформа — саяси жүйені демократияландырудағы маңызды қадамдардың бірі. Ал ол өзгерістерді Парламент арқылы емес, керісінше, реферерендум арқылы жүзеге асыру Президенттің елге жақындығын, халықпен санасатындығын көрсетеді. Біздің ойымызша, референдум — Президент айтқан екінші республикаға берілетін дауыс.
Президент өзінің іс-әрекеттерін нақты әрі жоспарлы түрде жүзеге асыруда. Себебі ол өз сөздерінде кез келген саяси шешім қоғамда талқыланып, халықтың шешімімен қабылданатынын айтқан болатын. Өткізілгелі тұрған референдум — соның дәлелі.
Жалпы, жаңа саяси жүйемен жаңа Қазақстан құру ашық түрде жүргізіледі. Демек, жабық жүйеден ашық жүйеге өтеміз. Саяси институттар арасындағы тепе-теңдік механизмдері реттеледі деген сөз. Қазақстандықтар ықпалды парламент, естуші мемлекет, күшті Президент және есеп беретін Үкіметі бар жаңа саяси модельге дауыс беретін болады. Сондай-ақ конституциялық өзгерістер жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі институттарының бірі болып табылатын мәслихат рөлінің өсуін, барлық деңгейдегі әкімдердің сайлануын жүзеге асырады және саяси плюрализм мен бәсекелі саяси орта қалыптастырады.

 

/aqtobegazeti.kz/