Вторник, Сентябрь 26, 2023
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті спортшылары жүлделі орындарды иеленді

Жұбанов университеті спортшылары жүлделі орындарды иеленді

Алматы қаласында өткен Самбодан ерлер арасындағы Халықаралық турнирде Жұбанов университетінің спортшылары жоғары нәтиже көрсетті.
Дене шынықтыру және спорт мамандығының 1 курс студенті Жасұлан Базарбай 58 кг салмақ дәрежесіндегі қарсыластарынан басымдық танытып, екінші орынды иеленді. Сондай-ақ, дәл осы салмақта өнер көрсеткен тағы бір студентіміз Бекзат Муханбетов үшінші орынды қанжығасына байлады.