Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді

Қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді

Университет оқытушысы Исатай Өтебаевқа Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен «Педагогика» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.

Басқарма төрағасы — Ректор Лаура Қарабасова кезекті Ғылыми кеңестің отырысында Исатай Өтебаевты арнайы құттықтап, жемісті жұмыс тіледі.

Исатай Өтебаев университетте Көлік техникасы, тасымалдауды ұйымдастыру және құрылыс кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. Бұған дейін ол Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, декан орынбасары, кафедра меңгерушісі болып қызмет еткен.

Айта кететіні, соңғы жылдары Жұбанов университетінде қауымдастырылған профессор ғылыми атағы бірқатар оқытушыға берілді.