Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Референдум өткізу бастамасы қолдау тапты

Референдум өткізу бастамасы қолдау тапты

Конституцияға енгізілетін түзетулерді жалпыхалықтық дауысқа салуға бір айдан аз уақыт қалды. Осыған орай Жұбанов университетінде жалпыұлттық референдумге арналған бірқатар іс-шара жоспарланған.
Атап өтер болсақ, Құқықтану кафедрасында «Референдум: Қазақстан және әлемдік тәжірибе», Металлургия және тау-кен ісі кафедрасында «Қазақстан және индустрияландыру мәселелері» тақырыптарында дөңгелек үстел отырыстары өтті.
Басқосуда алдағы референдум ел дамуы үшін жасалатын маңызды қадам екендігі атап өтілді. Университет басшылығы өкілдері мен профессор-оқытушылар референдум өткізу мәселесі бойынша өз көзқарастарын білдіріп, билік тармақтары арасындағы қатынастарда конституциялық реформаның рөлін талқылады.
Сондай-ақ, Экономика және менеджмент кафедрасы мен Көлік техникасы, тасымалдауды ұйымдастыру және құрылыс кафедрасында семинарлар ұйымдастырылды. Жиналғандар референдумның маңыздылығына тоқталды. Семинар барысында бяндамашылар әділетті қоғамды қалыптастыру жолында бұл саяси өзгерістің қажеттілігін айтып, оған жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Іс-шараларға университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары қатысты. Оқу орнында референдумды талқылауға қатысты жиындар алдағы күндері де жалғасады.