Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Дарынды балалар марапатталды

Дарынды балалар марапатталды

Бүгін Жұбанов университетінде Ақтөбе облысының мектептерінен шығармашыл, әрі талантты жастар жиналды. Бұл оқушылар сәуір айында университеттің Экономика және құқық факультеті «Мемлекеттік басқару және маркетинг» кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілген эссе байқауының жеңімпаздары.
Олар алдымен бас оқу ғимаратындағы әлеуметтік зерттеу орталығы, «Жұбановтану» және «Материалдардың радиациялық физикасы» ғылыми-зерттеу орталықтары, жылыжай, инновациялар паркі, техникалық факультеттегі кітапхананы аралап, жұмыс барысымен танысты.
Жүлдегерлерді арнайы құрылған комиссия мүшелері іріктеді. Дарынды балалар «Жаңа Қазақстан-жаңа бағыт» тақырыбында көркем ойларын қағазға түсірді. Барлығы 382 жоба қабылданып, олардың 35-і жеңімпаз атанды.
Марапаттау рәсімінде университет басшылығы, Ақтөбе облысының білім басқармасының өкілдері жүлдегерлерді құттықтап, оларға дипломдармен сыйлықтар табыс етті.