Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жоғары колледжде ашық есік күні өтті

Жоғары колледжде ашық есік күні өтті

Жұбанов университетінің Жоғары колледжінде «Мамандық таңдау – маңызды іс» тақырыбында ашық есік күні өтті. Аталған шараға қала мектептерінің 9, 11 сынып оқушылары мен ата-аналары қатысып, колледжде оқытылатын мамандықтар жөнінде кеңінен мәлімет алды.
Колледж директоры Айдын Әбденов оқушыларға дұрыс мамандық таңдай білудің маңызын айтып, оқу орны ұсынатын бағдарламалар туралы мәлімет берді.
Кездесу барысында жас талапкерлер оқу ғимаратын аралап, тарих факультетінің мұражайы, кітапхана, спорт залы, ашық футбол алаңын көріп қайтты.
Оқушылар қызыққан мамандықтары жайында сұрақтар қойып, кеңірек ақпарат алды.