Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Халықаралық ынтымақтастық

Халықаралық ынтымақтастық

Жұбанов университетіне Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің Орта Азиядағы ағылшын тілі бағдарламасы бойынша аймақтық кеңсесінің директоры Джон Сильвер келді. Ол университет басшылығымен кездесіп, English Language Fellow бағдарламасы туралы айтып берді.

Ректор Лаура Карабасова әріптестік байланысты одан әрі нығайтуға және халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді.

English Language Fellow бағдарламасы бойынша АҚШ-тан арнайы маман келіп, 10 ай бойы оқу орнымыздағы ағылшын тілі мамандықтарының студенттеріне сабақ беріп, оқытушыларға семинарлар мен тренингтер өткізетін болады.

Сондай-ақ кездесуге ағылшын тілі бағдарламасы бойынша үйлестіруші Ольга Патерова, стратегиялық даму жөніндегі проректор Дастан Хусаинов, филология факультетінің деканы Гүлжан Шоқым, Халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры Майра Алдиярова қатысты.