Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет басшылығы ұжыммен кездесті

Университет басшылығы ұжыммен кездесті

Жұбанов университетінің ректоры Лаура Карабасова мен проректорлар апта бойы факультеттерді аралап, ұжыммен кездесулер өткізді. Жиында әр факультеттің жетістіктері, білім беру мен оқыту үдерісі, оқытушылардың ғылыми әлеуеті талқыланды.
Университет басшылығы профессор-оқытушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарды назарға алды.
Сондай-ақ, ректор Лаура Карабасова ғылымға басымдық беру, корпоративтік басқару және кадрлық әлеуетті дамыту, оқу үдерісін одан әрі жетілдіруге байланысты кейбір мәселелерге тоқталды.
Оқу жылында жетістікке жетіп, белсенділік танытқан оқытушыларға алғыс хаттар табысталды.