Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Мәдениет және өнер бағытында білім саласына үлес қосып жүрген оқытушылар марапатталды

Мәдениет және өнер бағытында білім саласына үлес қосып жүрген оқытушылар марапатталды

21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні.Бұл күнді Қазақстанның барша өнер, мәдениет қызметкерлері атап өтеді.

Мерекеге орай, бүгін Жұбанов университетінің Басқарма төрағасы-Ректор Лаура Қарабасова кәсіби-шығармашылық факультетінің оқытушылары мен қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында оқу орнының басшысы жиналғандарды мерекемен құттықтап, мәдениет және өнер бағытында білім саласына үлес қосып жүрген бірқатар оқытушыны марапаттады.

Ректор университетіміздің мәдени және рухани өміріне өнерпаздарымыз ерекше үлес қосып жүргенін атап өтті.

Сонымен қатар, кездесуде «Музыка және хореография» кафедрасының оқытушылары мен қызметкерлеріне, атап айтсақ, Әбдірашид Раимбергенов, Нұржамал Мукеева, Мирбол Құспанов, Арай Әлиева және Ольга Бибневаға облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің алғыс хаты табыс етілді.