Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Сенаторлар университет ұжымымен кездесті

Сенаторлар университет ұжымымен кездесті

Бүгін Парламент сенатының депутаттары Мұхтар Жұмағазиев пен Бауыржан Қаниев Жұбанов университетінің  педагогика факультетінің профессор-оқытушыларымен кездесті. Кездесуге облыстық және қалалық әкімдік өкілдері мен университет басшылығы қатысты.

Басқосуда Сенаторлар жаңа қабылданған заңдардың маңыздылығына тоқталып, Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер туралы да айтып берді.

Халықтың басым көпшілігінің мәселелері осы жерде тоғысып жатады. Сондықтан сіздерге үлкен жауапкершілік жүктелген. Конституция екі жолмен ғана өзгереді. Оның бірі – референдум арқылы, енді бірі – Парламент арқылы. Бұған дейін Ата-заңымызда Парламент арқылы төрт рет өзгеріс болған еді. Бұл референдумда Конституцияның 33 бабына 56 түзету енгізілмек, – деді Бауыржан Қазиев.

Ұжыммен  кездесуде депутат Мұхтар Жұмағазиев елімізде референдум 1995 жылдан бері өткізілмегенін атап өтіп, осы жолғы Конституциялық жо­ба­дағы үлкен өзгерістерді, оның ішін­­де суперпрезиденттік басқару ны­­санынан пре­­зи­денттік басқару жүйесіне көшу се­кілді маңызды мәселелерді атап өтті.

Өз кезегінде сенаторлар жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, референдумның нәтижесінде халықтың әлеуметтік мәселелері шешімін табатынына сенім білдірді.

Жиын соңында депутаттар  жалпыхалықтық референдумның  маңыздылығына тоқталып, оның қазіргі уақытта ел үшін қажеттігін тілге тиек етті.

Естеріңізге сала кетейік, реформаларды жүзеге асыру үшін Конституцияға 33 өзгеріс пен толықтыру енгізу қажет. Бұл өзгерістерді заңнамалық тұрғыдан бекіту үшін Мемлекет басшысы жалпыұлттық референдум өткізуді ұсынды.