Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Облыстық референдум тобының мүшелері белсенді жастармен кездесті

Облыстық референдум тобының мүшелері белсенді жастармен кездесті

Бүгін Жұбанов университетінде облыстық референдум тобының мүшелері Студенттік Парламент құрамымен кездесті.

Кездесу барысында референдумды өткізудің тәртібі мен міндеттері, конституциялық реформаның бағыттары, мемлекеттік жастар саясаты саласында атқарылған жұмыстар туралы айтылды.

Басқосуға қатысқан университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Есбол Мұханбетқалиев жастарға референдумға атсалысу жаңа өмірге қадам жасайтын маңызды сәт екенін атап өтті.

Өз кезегінде штаб мүшесі Айшуақ Дәрменұлы: «Еліміздің тарихында референдум 1995 жылы өтіп, халық бірауыздан Ата Заңды қабылдаған еді. Қоғам талабы өзгерістерді талап етуде. Өз көзқарасыңды білдіру –азаматтық борышың»,-дей келе, жастарды саяси шараға атсалысуға шақырды.

Жиын барысында жастар да аталған шараға орай өз ойларын ортаға салды.