Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Референдумда белсенді болуға шақырды

Референдумда белсенді болуға шақырды

Бүгін Amanat партиясы Ақтөбе қалалық филиалының атқарушы хатшысы Әсел Сарманова және «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының директоры Нұргүл Әбішева Жұбанов университетінің департамент қызметкерлерімен кездесті.

Мақсат — ел Конституциясына өзгерістер мен түзетулер енгізу үшін өткізілетін республикалық референдум жайлы толық ақпарат беру.

Кездесуде Ата заңға енгізілетін өзгерістер мен түзетулер талқыланды. Amanat партиясының өкілі Әсел Сарманова республикалық референдумды түсіндіру мақсатында 600-ге жуық іс-шараның жоспарланғанын, бүгінгі кездесу соның бірі екенін атап өтті.

Әсел Сарманова өзгерістердің басым бөлігі негізгі тармақтарға, яғни мемлекеттік басқару, құқықтық және саяси жүйеге қатысты екенін тілге тиек етті.

Жалпыхалықтық дауыс берудің маңызына басымдық берген қонақтар алдағы республикалық референдумда дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды.