Четверг, Сентябрь 12, 2024
Басты > Жаңалықтар > 24 тыңдаушы педагогикалық қайта даярлау курсын сәтті аяқтады

24 тыңдаушы педагогикалық қайта даярлау курсын сәтті аяқтады

Жұбанов университетінің қосымша білім беру департаменті пост-дипломды педагогикалық білім беру – сертификациялық қайта даярлау курсының 9 білім беру бағыты бойынша курсты аяқтаған 24 тыңдаушыға сертификат табыс етті. Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Людмила Мясникова курсты сәтті аяқтаған тыңдаушыларға алдағы еңбек жолында сәттілік тіледі.

Аталған іс-шарада оқу орнының психологиялық қызмет орталығының психологы Анна Гниденко және Нұргул Рзабекқызы курс тыңдаушыларына оқушылармен жұмыс жасауда және ұжымда психологиялық ахуалды жақсартуға арналған тренинг ұйымдастырды.

Жалпы курстың білім беру бағдарламасының мазмұны психологиялық-педагогикалық пәндерден және педагогикалық практикадан тұрды. Курс барысында тыңдаушылар пәнді оқытудағы жаңа әдістер мен дағдыларды игерді. Атап айтқанда, жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, педагогикалық тәсілдерді және бағалаудың өлшемдік технологияларын оқыды. Теориялық білімін іс-жүзінде жүзеге асыру мақсатында мектептерде педагогикалық практикадан өтті.

Пост-дипломды педагогикалық білім беру – сертификациялық қайта даярлау курсы PGCE бағдарламасының (Graduate Certificate of Education) қазақстандық аналогы болып табылатын зияткерлік өнім. PGCE (білім беру сертификаты) бүкіл әлемде, әсіресе Ұлыбританияда кеңінен танымал. Ол жоғары деңгейдегі мамандарды дайындап, маңызды ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. PGCE негізінде ұйымдастырлып жатқан пеадагогтік қайта даярлау курсы өз елімізде, аймақтарда өңірдегі педагогикалық кадрлардың жетіспеушілігін жоюға, сапалы мамандар даярлауға бағытталған.

Айта кетейік, алдағы жаңа оқу жылында да университетіміздің қосымша білім беру департаменті педагогикалық қайта даярлау курсының тыңдаушыларын дайындайды. Қабылдау шілде айында басталады. Оқу мерзімі 6-9 ай.