Бүгіндехалықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Литва Республикасындағы Витаутас Магнус университетінде білімін жалғастырып жатқан Әли Азамат Түркиядағы Литва елшісі Айдан Яманджанадан мәртебелі кездесуге шақыру алды. Елшіліктегі кездесуге Түркия, Әзірбайжан және Қазақстан елдерінен студенттер қатысты. Кездесу барысында Түркияның Литвадағы елшісі Яманджан ханым Жұбанов университетінің студенті Әли Азаматтың түрік тілін жетік меңгергендігіне ризашылығын білдірді. Сондай-ақ елші Қазақстанның әлемдегі аренадағы маңызды үлесі, Астанада өткен EXPO жайлы ойларымен бөлісті. Түркия елшілігі кездесуден кейін озық студенттерді Вильнюс қаласында серуендетті.