Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Бүгін — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Бүгін — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Тарихтың ақтаңдақ беттерінде солақай саясаттың сызын тартқан қаншама жан өмірімен қоштасып, алаштың ардақтылары жазықсыз жапа шекті.

Бүгін университет ұжымы сол зұлмат жылдардың құрбаны болған Құдайберген Жұбановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ғалымды еске алды.

Жиынға университет ректоры Лаура Қарабасова, басқарма мүшелері мен құрылым басшылары, профессор-оқытушылар қатысты. Жиналғандар құрбан болған ата-бабамызды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Ғалымның немересі, филология ғылымдарының кандидаты Ардақ Жұбанова атасы туралы естеліктерін айтып, ел тарихында мұндай қайғылы оқиғалар қайталанбаса деген тілегін жеткізді.

Айта кету керек, іс-шараға дейін университеттің бір топ өкілі Түйетөбеге барып, жазықсыз жапа шеккен құрбандардың рухына тағзым етті.