Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Тарихтан тағылым – өткенге тағзым

Тарихтан тағылым – өткенге тағзым

Бүгін Жұбанов университетінде 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған дөңгелек үстел өтті.

Ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров өз сөзінде саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты тарихи әділеттілікті қалпына келтіру ісіндегі басты миссия – жастарды ерлік сабақтарында және отандастарымыздың патриотизмі үлгілерінде тәрбиелеу деп атап өтті.

Жиынға арнайы қатысқан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева зұлмат жылдардың қазақ еліне әкелген қайғы-қасіретіне тоқталып, дөңгелек үстелдің маңызын баса айтты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар ел тарихындағы саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық жылдары жайлы тарихи деректерді келтіріп, баяндамаларын таныстырды. Онда тоталитарлық жүйе жасаған қылмыстың ауқымын нақты көрсету үшін тарихи құжаттарды мұқият зерттеудің маңызы айтылды.

Зерттеушілер деректеріне сүйенсек, 1927-53 жылдары Қазақстан бойынша 125 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 мыңы атылды. Қуғын-сүргін жылдарында ел аймағында 953 лагерь орналасқан. Қазақстанда ГУЛаг-тың 20-дан астам лагері болды.