Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Референдум тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті

Референдум тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті

Жұбанов  университетінің «Қазақ филологиясы» кафедрасының ұжымы референдумның мақсаты мен міндетін талқылады.

Еліміздегі ірі саяси бастаманың маңызын талқылауға арналған дөңгелек үстелде университеттің профессор-оқытушылар құрамы сөз сөйлеп, Ата заңның өзгеріс енгізілетін баптары жайлы пікір алмасты.

Іс-шараға модераторлық еткен филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мұхтар Миров алдағы өзгерістер ел болашағын айқындайтын маңызды кезең екенін атап өтті.

Дөңгелек үстелге сондай-ақ филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Шоқым, қазақ филологиясы кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Н. Алдашев, қазақ филологиясы кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Н. Сәдуақас, құқықтану кафедрасының оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Л. Тайжанова қатысты.

Қатысушылар 5 маусым күні өтетін референдумға, Конституцияға енгізілетін түзетулер мен өзгерістерге қатысты сұрақ қойып, қоғамдағы азаматтық белсенділік пен жауапкершілік жөнінде пікірлерін ортаға салды.