Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Ақтөберентген» кәсіпорнымен ынтымақтастық орнады

«Ақтөберентген» кәсіпорнымен ынтымақтастық орнады

Бүгін университетке «СҚ-Фармация» компаниясы мен «Ақтөберентген» кәсіпорнының басшылығы келді.

Инновациялық технологиялар паркінде болып, ғылыми-зерттеу орталықтардың жұмысымен танысты.

Қонақтар технопарктегі «IT кабинеті», «Полимерлі композиттік материалдар», «Көлік ағымын зерттеу және басқару», «Робототехника жүйелері», «Компьютерлік желілер», «3D моделдеуге оқыту» және тағы да басқа зертханаларды аралады.

Айта кететіні, 2017 жылы ашылған Инновациялық технологиялар паркінің құрамына ғылыми-зерттеу орталығы, 6 ғылыми зертхана және 1 оқу зертханасы кіреді. Мұнда жас дарындар түрлі жаңашыл жобаларын жүзеге асырады.

Кездесу соңында «Ақтөберентген» АҚ мен Жұбанов университетінің басшылығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.