Среда, Декабрь 7, 2022
Басты > Жаңалықтар > Референдумға арналған жиын өтті

Референдумға арналған жиын өтті

Жұбанов университетінің ұжымы референдумға байланысты тағы бір жиын өткізді.

Конституциялық реформаларды талқылау мақсатымен оқу орнына Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Фархат Сансызбай келді. Ол Ата заңға енгізілетін өзгерістер жайлы әңгімелеп, оқытушылар мен студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Ал облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Көшкінбай Ахметов республикалық референдумның тарихи мәні мен маңызына, мақсат-міндеттеріне тоқталады.

Жиынға мәслихат депутаттары мен қоғам қайраткерлері, университет басшылығы мен қызметкерлері қатысты.