Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Фармация IT маманы тапшы салалардың бірі

Фармация IT маманы тапшы салалардың бірі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде кем дегенде 100 мың «IT» маманын дайындауды тапсырды. Сонымен қатар президент медицина, ветеринария саласын да цифрландыру керектігін айтты. Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті инженер, компьютер саласы мамандарын дайындап жатыр. Айти саласы маманы бүгіннен бастап нені меңгергені дұрыс?

Өңірімізде IT мамандарына сұраныс күннен күнге артып келеді. Өйткені барлық қызмет біртіндеп сандық ақпараттарға ауысып жатыр. IT маманы тапшы салалардың бірі-фармация. Бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «IT медицина» курсы бойынша инженер кадрларды даярлау мәселесі талқыланды. Шараға «СК Фармация» басқармасының төрағасы арнайы келген. Ол оқу орнына қарасты инновациялық технологиялар паркі мен физика-математика факультетінің зертханасын аралады.Өз тарапынан жас мамандарды жұмыспен қамтуға дайын екендігін жеткізді. Өйткені, Ақтөбеде аймақтық фармацевтикалық кластер құрылмақ. Сондықтан осы салаға IT маманы ауадай қажет.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «IT медицина» мамандығы бар. Ашылғанына екі жыл болған кафедрада қазір 74 студент оқып жатыр. Олардың жартысы мемлекеттік грант иегері. Сабақ М.Оспанов атындағы БҚМУ мен бірлесе жүргізіледі. Оқу орны алдағы уақытта медициналық физика мамандығы кафедрасын ашуды жоспарлап отыр.

/www.rikatv.kz/