Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ғылыми кеңестің қорытынды мәжілісі өтті

Ғылыми кеңестің қорытынды мәжілісі өтті

Бүгінгі қорытынды мәжілісте университеттің академиялық қызметі, профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін жетілдіру және бейформальды білім, «Zerek» балаларды дамыту орталығының жұмысы, 2021-2022 оқу жылына арналған қызметтік құжаттарды бекіту туралы мәселелер қаралды.

Жалпы, Ғылыми кеңесте университет қызметі бойынша әртүрлі мәселелер талқыланады. Атап айтар болсақ, университеттің даму стратегиясы бойынша ұсыныстар, оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу, халықаралық, қаржылық, әкімшілік-шаруашылық қызметін ұйымдастыру, профессор-оқытушылар құрамының оқу-әдістемелік құралдарын талқылау, студенттерді ҚР Президенті тағайындаған және атаулы стипендияларға ұсыну, университеттің ғылыми-педагогикалық қызметкерлеріне қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор ғылыми атақтарын тағайындау туралы шешім шығару тағы да басқа көптеген мәселелер қарастырылады.

Сондай-ақ, Ғылыми кеңестің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары бекітілді.