Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Директорлар кеңесінің төрағасы жоғары марапатқа ие болды

Директорлар кеңесінің төрағасы жоғары марапатқа ие болды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.

Гүлзат Көбенова – Жұбанов университетінің түлегі. Ол 1998 жылы Жұбанов университетінде тарихшы, тарих және қоғамтану оқытушысы мамандығы бойынша білім алды. Еңбек жолын сол жылы Жұбанов университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасында оқытушы болып бастап, университетте деканның орынбасары, ғылыми хатшы, ғылым және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

Сондай-ақ, Гүлзат Көбенова Мәдениет және ақпарат, Білім және ғылым министрліктерінде де түрлі лауазымдарда жұмысын абыроймен атқарып келеді.

Бұл төсбелгі – жай ғана марапат емес, еліміздің білім беру саласында елеулі үлес қосып жүрген ғалымға берілген шынайы баға деп білеміз.

Гүлзат Ізбасарқызын университет ұжымы атынан жоғары марапатымен құттықтаймыз!