Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > 1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы өседі

1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы өседі

ҚР БҒМ Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларына және мөлшерлеріне өзгерістер мен толықтырулар дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осылайша, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға ай сайынғы мемлекеттік стипендияның мөлшерін мынадай мөлшерде белгілеу жоспарлануда:

  • Даярлаудың педагогикалық бағыттарында және даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша оқитын студенттерді қоспағанда, жоғары білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге — 36 660 теңге (қазіргі уақытта – 31 423 теңге);
  • Педагогикалық бағыттар бойынша оқитын студенттерге — 58 800 теңге (қазір 50 400 теңге);
  • «Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша оқитын студенттерге — 58 800 теңге (қазір 50 400 теңге);
  • Интерндерге — 61 660 теңге (қазір 59 289 теңге);
  • Магистранттарға — 86 987 теңге (76 950 теңге);
  • «Назарбаев университетінде» оқитын магистранттарға – 162 500 теңге (143 750 теңге);
  • Докторанттарға — 195 000 теңге (172 500 теңге);
  • «Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша докторанттарға — 195 000 теңге – 172 500 теңге);
  • «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттарға – 100 036 теңге (88 494 теңге);
  • ҚР Жоғарғы Соты Жанындағы Сот төрелігі академиясының мемлекеттік органдардан оқуға жіберілген магистранттарына — соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық жалақы деңгейінде, бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын магистранттар үшін белгіленген мемлекеттік стипендия мөлшерінен төмен емес;
  • Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 21 787 теңге (өзгеріссіз).

Атап өтілгендей, стипендиялардың жаңа мөлшері 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұдан басқа, мемлекеттік стипендияларды төлеудің жаңа тәртібі әзірленді. Ашықтықты қамтамасыз ету үшін стипендия кассасы арқылы төленбейді. Олар банкте немесе «Қазпочта»  АҚ-да шот ашқаннан кейін жүзеге асырылады.

Бұл ретте студенттер банктер мен «Қазпочта» АҚ тиісті келісімдер жасасқаннан кейін шот бойынша операциялар үшін комиссия төлемейді.

Құжат 29 маусымға дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.