Жұбанов университеті Орталық Азия жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, БҰҰ мақсаттарына сәйкес оқу бағдарламасын жаңғырту-климаттың өзгеруімен күрес және тұрақты даму бойынша грант жеңіп алған болатын.
(«Modernizing Curriculum towards the goals of UN SDGs for Central Asian Universities — Climate Action and Sustainability Development»).
Жоба бойынша Бішкекте 12-19 маусым аралығында Орталық Азиядағы Америка университетінде семинар өтіп жатыр. Жұбанов университетінің атынан жиынға аға оқытушы, PhD доктор Үмбетәлі Сәрсембин аттанды.
Бұл семинардың мақсаты – оқу бағдарламаларын жаңғырту және бірлесіп оқытатын курстарды әзірлеу арқылы Орталық Азия университеттерінің білім беру мен зерттеу әлеуетін арттыру.
Басқосу Орталық Азия университеттерінің (UniCEN) әріптестік бағдарламасының арқасында жүзеге асырылды.
Баяндамашылар – оқыту, зерттеу жұмыстары бойынша мол тәжірибесі бар, танымал профессорлар мен сарапшылар. Олар – Американың экологиялық қоғамының, Америкалық ғылымды дамыту қауымдастығының, Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық бағдарламаның белсенді мүшелері, сондай-ақ ТДМ-мен байланысты кітаптар мен зерттеу жұмыстарының авторлары.