Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Шетел тілдері факультеті студенттері өзін – өзі басқарды

Шетел тілдері факультеті студенттері өзін – өзі басқарды

Бүгін шетел тілдері факультетінде «Өзін – өзі басқару» күні өтті. Факультеттің белсенді студенттері бұл шараға аса жауапкершілікпен дайындалып, жоғары деңгейде өткізді.

Шетел тілдері факультетінің деканы қызметін бұл күні  «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 2-курс студенті, студенттік декан Альбина Алдрапекова атқарса, шетел тілдері факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 2-курс студенті Жәкен Нүркен тағайындалды.

Ал, Шетел тілдері факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының міндетін  Қамар Назым орындады.

«Өзін-өзі басқару» күні декандар үшін университет  ректоры қызметін атқарған А.Е.Берлюев ректоратта өткізген жиналыстан басталды. Жиналыста көкейкесті сұрақтар талқыланып, жұмыстың бағдары айқындалды.

Факультеттегі қызмет күні таңғы сағат 8:30 да бастау алды. Жұмыс күні аудиториялардағы сабақтар мен студенттердің сабаққа қатысымы тексерілді.

Тексерістен соң, факультет деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жәкен Нүркен кезектен тыс Кеңес жиналысын жасады. Жиналысқа факультеттің деканы Альбина Алдрапекова, факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қамар Назым, факультет деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жәкен Нұркен және студенттер қатысты. Жиналыс барысында «Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ – 2017 Start – Up» байқауының қорытындысы шығарылды.

Факультеттегі сабақтар жаңаша формада өткізілді, студенттер жаңа оқытушылардың барлық тапсырмаларын уақытында орындап, барлығы шараға толықтай атсалысты.

«Өзін – өзі» басқару күні студенттер үшін қызықты мәліметтерге толы болды. Студенттер бүгінгі шарадан көптеген тәжірибе жинағандықтарын айтты.