Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Медицина саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Медицина саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі Медицина қызметкерлерінің күні аталып өтіледі. Бұл – ақ халатты абзал жандардың еңбегі еленетін күн.

Осы төл мереке қарсаңында Жұбанов университеті емханасының қызметкерлері де құрметке бөленіп, бірқатары Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен университет ректорының және Бастауыш кәсіподақ ұйымының алғыс хатымен марапатталды.

Жиын барысында университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Есбол Муханбеткалиев медицина қызметкерлерінің қоғамда алатын ерекше орнын атап өтіп, студенттер денсаулығына жауапты мамандардың қызметіне ұжым атынан алғысын білдірді.

Мерекелік көңіл күйді Кәсіподақ ұйымы тарту еткен сыйлықтар көтере түсті.