Бүгіннен бастап талапкерлер үшін қабылдау комиссиясына құжат тапсыру науқаны басталды. Жұбанов университетіне оқуға түсу үшін құжаттарды қабылдау 20 маусымнан 25 тамызға дейін жалғасады.
Айта кетейік, мемлекеттік грантқа өтініш қабылдау 13-20 шілде аралығында өтеді.
Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі:
Дүйсенбі-Жұма 08:30-18:00, үзіліс 12:30-14:00.
Ағайынды Жұбановтар көшесі, 263. Жұбанов университетінің Техникалық факультетінің ғимараты.
Құжаттар офлайн форматта қабылданады.