Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс кеңсесі құрылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс кеңсесі құрылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасы бойынша әзірленген  Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 — 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңды жүзеге асыру мақсатында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс кеңсесі құрылды.

Оның құрамында: жетекшісі Мусюров Дархан Темірханұлы және комплаенс офицер Қаржаубаев Нұрлан Сабырұлы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің негізгі мақсаты — Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу, сонымен бірге университет қызметінде сыбайлас жемқорлықты анықтау және болдырмау.

Ұсыныстарыңыз болса немесе кеңес алу үшін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарламамен Ағайынды Жұбановтар көшесі, 263 мекенжайы бойынша университет әкімшілігінің ғимаратында орналасқан кеңсеге келсеңіз болады. Немесе +7 707 737 19 35 ұялы телефон нөмірі мен WhatsApp мессенджеріне қоңырау шалуға, хаттарыңызды compliance@zhubanov.edu.kz электронды поштасына жолдай аласыздар.

Қажет болса, хабарлама иесінің құпия сақталуына кепілдік беріледі!