Суббота, Июнь 25, 2022
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтоты — І орын иегері

Ақтоты — І орын иегері

байқау

«Мемлекеттік тіл — ұлт тірегі» қалалық тіл фестивалі аясында үш тілді меңгерген қала жастарының арасында «Тілдарын» қалалық байқау өтті.

Байқаудың мақсаты — қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген жастарды тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту.

Аталған байқауға 15 үміткер қатысты. Үміткерлердің арасында мектеп мұғалімдері, компаниялар қызметкерлері, сот орындаушылары және студенттер бар.

Қатысушылар үш тілде эссе жазды. Сондай-ақ ұяшық таңдау арқылы үш тілде ой толғап, мәтінге ілеспе аударма жасады.

Байқаудың қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласындағы №55 орта мектеп-гимназияның ағылшын тілі пәні мұғалімі Ақтоты Бөлекова І орынды жеңіп алды. ІІ орынды Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің филология факультетінің студенті Әсем Амантаева, ал ІІІ орынды Қарғалы ауданы Жосалы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Зайра Еділбай иеленді.

Шара соңында жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталса, қалған қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.

 

Д.ҚАЗИХАН

/aqtobegazeti.kz/