Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің ғалымы Ұлыбритания грантын жеңіп алды

Жұбанов университетінің ғалымы Ұлыбритания грантын жеңіп алды

Жұбанов университетінің Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі, PhD Жазира Бекжанованың зерттеу жобасы Ұлыбританияның Ulster Universitу-ден қаржыландыруға ие болды. «Қазақстан тарихы бойынша оқулықтардағы гендерлік, тілдік және әлеуметтік теңсіздіктер» тақырыбындағы зерттеу жоба Political Economy of Education Research (PEER) Network қауымдастығының қолдауымен жүзеге асады.

Қоғамдастықтың демеушісі Ұлыбританияның гуманитарлық ғылымдар саласындағы ең ірі зерттеу кеңесі – the Arts and Humanities Research Council (AHRC).

PEER Network қақтығыстар мен дағдарыстардан зардап шеккен аймақтардағы білім беру жүйелерін зерттеуге бағытталған ғылыми жобалармен, сондай-ақ білім беру проблемаларын шешу стратегияларын әзірлеумен айналысады.

Зерттеу жобасы «Қазақстан тарихы» пәні бойынша заманауи мектеп оқулықтарына кезеңдік гендерлік және лингвистикалық талдау жасауды көздейді. Бұл жоба оқулықтардағы гендерлік рөлдер мен гендерлік қатынастар қалай ұсынылғанын, гендерлік теңдік тұрғысынан ақпарат берудің қаншалықты объектив екенін, бұл ұғымның мектеп оқушыларының оқу материалы арқылы дүниетанымында қалай көрініс тапқанын және осы процесте тілдің рөлі қандай екенін зерттейді.

Айта кетейік, Жазира Бекжанова «Тіл және лингвистика» мамандығы бойынша «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты (Lancaster University, Ұлыбритания), дарынды жас ғалымдарға арналған Білім және ғылым министрлігі стипендиясының иегері.