Вторник, Март 21, 2023
Басты > Жаңалықтар > Ресей қазақтары: Балалар лагері Жұбанов университетінде қонақта

Ресей қазақтары: Балалар лагері Жұбанов университетінде қонақта

Бүгін Жұбанов университетіне Ресей Федерациясының Алтай Республикасы, Санкт-Петербург, Орынбор, Орск, Саратов, Омбы, Қазан, Челябі облыстарында тұратын этникалық қазақ балалары келді.

Олар университетті аралап, жылыжай, Инновациялық технологиялар паркіндегі ғылыми-зерттеу орталықтары мен зертханаларының жұмысымен танысты.

Ресейде тұратын қазақ балалары Ақтөбедегі жазғы лагерьде тынығып жатыр. Балаларға қазақ тілін үйретіп, оларға ана тілінде сабақтар ұйымдастыру — лагерь бағдарламасының басым бағыттарының бірі.

Осыған орай экскурсиядан кейін Жұбанов университетінің Тарих және дінтану кафедрасының аға оқытушысы Айнұр Шынтемірова балаларға «Қазақстан тарихы: өткені мен болашағы» тақырыбында дәріс оқыды.