Пятница, Март 29, 2024
Басты > Білім > Жұбанов университеті отандық жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты арттыруда

Жұбанов университеті отандық жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты арттыруда

Университеттің Басқарма төрағасы-Ректор Лаура Қарабасова мен құрылым басшылары Нұр-Сұлтан қаласына іс-сапар барысында М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті мен Назарбаев Университетінде болды.

Алдымен университет өкілдері М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті басшылығымен кездесіп, өзара пікір алмасты. Екіжақты тиімді әріптестікке негізделген басқосуда білім берудегі маңызды міндеттер мен болашақта бірлесіп атқаратын жұмыстар жайы айтылды. Кездесу барысында Жұбанов университеті делегациясы университеттің стратегиялық жоспарымен, жоғары мектептің академиялық оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысты.

Назарбаев университеті басшылығымен кездесуде тараптар екі университетте оқытылатын білім беру бағдарламалары, профессор-оқытушылар қызметінің маңыздылығын арттыру мәселелерін талқылап, өзара тәжірибе алмасты.

Сапар барысында делегация Назарбаев Университетінің материалдық-техникалық базасымен, университет ғалымдары жүргізіп жатқан ғылыми зерттеулер бағыттарымен танысып, озық ғылыми зертханаларын аралады.

Сондай-ақ, тараптар бірлесіп жұмыс істеу жолдарын талқылады. Нәтижесінде Назарбаев Университетімен академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында әріптестікті нығайтып, ғалымдарымызға Назарбаев Университеті зертханаларында жұмыс жасауға жол ашылды.