Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Жаңалықтар > Облыс әкімінің атаулы стипендиясын иеленді

Облыс әкімінің атаулы стипендиясын иеленді

Жұбанов университетінің 87 студенті, Жоғары колледждің 8 білім алушысы Ақтөбе облысы әкімінің атаулы стипендиясына ие болды.
Аталған стипендия оқу үлгерімі жоғары, облыстың қоғамдық жұмыстарында белсендік көрсеткен дарынды, талантты, сонымен қатар әлеуметтік осал топтағы студенттерге тағайындалды.
Айта кетейік, облыс әкімінің стипендиясын тағайындау шарасы 2017 жылдан бастап жүзеге асып келеді. Осы уақыт аралығында жалпы Жұбанов университетінің 500-ден астам білім алушылары облыс әкімінің стипендиясын иеленген.
Қуаныш иелерін құттықтаймыз!