Пятница, Декабрь 2, 2022
Басты > Жаңалықтар > Кәсіби мерекемен құттықтады

Кәсіби мерекемен құттықтады

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні. Осыған орай бүгін Жұбанов университетінің басшылығы ақпарат саласында қызмет етіп жүрген Маркетинг және коммуникация департаментінің мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады.

Стратегиялық даму жөніндегі проректор Дастан Хусаинов университеттің тыныс-тіршілігін көрсетіп, оқу орнының оң имиджін қалыптастыруға үлес қосып жүрген департамент қызметкерлерінің еңбегін атап өтіп, үздік мамандарға алғыс хат табыс етті.

Сондай-ақ жиында сөз алған Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Есбол Муханбеткалиев жиналғандарды кәсіби мерекемен құттықтап, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Жиында Кәсіподақ ұйымы атынан сыйлықтар да табысталды.