Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Жаңалықтар > Диссертациялық кеңес өтеді

Диссертациялық кеңес өтеді

30 маусым күні Жұбанов университетінде «Физика» мамандығы бойынша докторант Аида Маратованың «CsI, RbI, KI және KCl монокристаллдарының тор симметриясы төмендеген кездегі спектроскопиялық қасиеттерінің ерекшеліктері» тақырыбында PhD философия докторы ғылыми дәрежесін алу үшін докторлық диссертациясын қорғауы өтеді.

Сағат 15.00-де Zoom платформасы арқылы онлайн немесе Жұбанов университетінің фейсбуктағы ресми парақшасында тікелей эфирде көруге болады.

Айта кетейік, диссертациялық жұмыс университеттің «Материалдардың радиациялық физикасы» ғылыми орталығында орындалды.